2016 жылғы 8 маусым ,Астана қаласы
«Құжаттамалық қамтамасыз ету жұмыстарына үлгілік уақыт нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 180 бұйрығының күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Құжаттамалық қамтамасыз ету жұмыстарына үлгілік уақыт нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 180 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8168 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 20 желтоқсанда және 2013 жылғы 20 ақпанда №834-839, 71 (27910, 28010) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін оған қол қойылған күнінен бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ
Келісілді
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________________ Т.ДҮЙСЕНОВА
2016 жылғы 10 маусым